«Нұр Әлем» сферасындағы жаңажылдық демалыс

Келушілер қызық интерактив қондырғыларды, болашақтың технологияларын, ғарыштық өнертабыстарды және тағы басқаларын көре алады.

Нұр Әлем сферасы
Фото баспасөз қызметінен

«Нұр Әлем» қонақтарды жаңа экспонаттармен қуантады. Жиырмадан астам экспозиция баламалы энергия көздері саласындағы заманауи жасыл технологиялар мен инновациялық әзірлемелердің үлгілері саналатын «Үздік тәжірибе аймағы» және тақырыптық павильондардан көшірілген.

Нұр Әлем сферасы
Фото баспасөз қызметінен

Олардың қатарында «Әлем және энергия» кинетикалық мүсіні – біріктірілген әсерлері бар таңғаларлық жарқын шоу, «Ақылды қала» жарық LED көрінісі, Solar Impulse моделі – күн энергиясы қуатымен ұшатын ұшақ бар.

Нұр Әлем сферасы
Фото баспасөз қызметінен

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, барлық топтағы мүгедекке, жетім балаларға, көпбалалы аналарға және 6 жасқа дейінгі балаларға сфераға кіру тегін.

ЭКСПО көрме кешенінің аумағында мұз айдыны ашылды. Қонақтарға ыңғайлы болу үшін конькилерді жалға беру, автокөлік иелері үшін жер асты паркингі және сақтау камералары қарастырылған. Мұз айдынының жұмыс уақыты – сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін.