ҚР Мәдениет және спорт министрі Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы туралы айтты.
70 мың теңге дейсіздер… Алматыда опера театрында — 80 мың теңге, жалақы қашан да көп емес. Біздің басты міндетіміз — таланттарға өздерін көрсете алуға мүмкіндік беру. Жасыратыны жоқ, студент болғанымда үшінші курста мемлекеттік оркестрде жұмыс істедім, алға жылжу керек болды. Таңғы 6-да тұрып, түнгі 11-де жататынмын, сенбіде де, жексенбіде де. Бірақ әрқашан еңбек етуге ниетім болды, әлемдегі музыканттардың бәрі солай істейді, театрда ешкім бір жалақымен өмір сүрмейді. Оның үстіне, қазір вокал триосы, квартет болып жұмыс істеуге орасан зор мүмкіндік бар. Немесе Сергей Безруков, Владимир Машков сияқты өз спектакльдерін қояды, олар негізгі жұмысына қоса, коммерциялық қойылымдарды бар ықыласымен қойып, соларда ойнайды, — деді министр.
Арыстанбек Мұхамедиұлы қазір мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көбейту мәселесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Басты міндетіміз — қосымша табыс табуға мүмкіндігі жоқ кітапхана жұмысшылары мен архивариустардың жалақысын көтеру. Біз солардікін көтеруіміз керек, ал музыканттар мен актерларда кәсіп ету жағынан анағұрлым көп мүмкіндік бар. Әрине, біз барлығының жалақысын көтеруге мүдделіміз, — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.