Басты бет Жаңалықтар Жаңа жыл түні қатты аяз болады

Жаңа жыл түні қатты аяз болады

"Қазгидромет" мамандары жылдың басты мерекесі тойланатын күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Фото: Taraz.restoran.kz

Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде Жаңа жыл түні қатты аяз болады.

Мамандардың 29 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығына арналған болжамы бойынша алғашқы екі тәулікте Қазақстан аумағы арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қармен бірге бұрқасын болып, ауа температурасы жоғарылайды.

Бірақ 31 желтоқсанда бұл аймақтарда күн суып, Жаңа жыл түнінде аяз 25-30, кей жерлерде 33-38 градусқа дейін күшейеді, республиканың шығысында 2 қаңтарда түнде кей жерлерде аяз 40 градусқа дейін күшейеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда жауын-шашын, жылбысқы қар, қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Бұл аймақтарда да Жаңа жыл түнінде температура 3-8, кей жерлерде 15-20 градус аязға дейін төмендейді, — делінген синоптиктердің хабарламасында.

Батыс облыстарда Жаңа жыл күндері жылбысқы қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасының аздаған ауытқуы көпжылдық нормаға жақын болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version