Басты бетЖаңалықтарӘкімдердің әскери...

Әкімдердің әскери қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі көмекшісі болады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» жарлығына толықтыру енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қаулы етемін: Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» жарлығына (Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған жарлықпен бекітілген мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде: «2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауда: «Б» корпусы» деген бөлімде: D санаттарының тобы D-2 санатында: «Тексеру комиссиясының мүшесі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі». Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген құжатта.