Баян Есентаева жағдайының әлі де жақсы еместігін айтып берді.

«Біріншіден, мен барлық қазақстандықтарға, мен үшін дұға етіп, қолдау көрсеткен барлық жанға алғыс білдіргім келеді. Мен оларға басымды иіп, рахмет айтқым келеді. Мен басымнан бұл жағдай өткен соң, бесінші немесе алтыншы күні ме екен, өзімнің халықтың адамы екенімді, ауруханадан тыс та әлем бар екенін, онда не болып жатқанын аңғара бастадым.

Шын мәнінде, алғашқы бес күн мен үшін сұмдық күндер болды. Бұл күн, 10 маусым, әлі күнге дейін қыр соңымнан қалмай келеді. Жағдайым әлі де жақсы емес. Мен күйзелісте жүргенімді айтар едім. Бойымда қорқыныш бар, мен жаныма бес метрге жақындаған кез-келген ер адамнан шошимын», — деп мойындады Есентаева.

Продюсердің айтуынша, ол бұл қадамға ел арасында таралып кеткен түрлі қауесеттерден кейін барған. Жалған өсектерге жол бергенше, бәрін өзім айтып беремін деп отыр продюсер.

Есентаева өміріндегі қорқынышты күнді есіне алды.

«Сонымен, мен 10 маусымда үйге оралмақ болдым. 5 маусымда жанжал туындап, үйге оралуым тиіс болатын. Ол туралы кейінірек айтып беремін. Мен тағы бес күнге кідіріп қалдым, себебі менің күйеуім үйге оралмауымды талап етіп, қоқан-лоққы көрсете бастады. Сол себепті, сабырға келуін күтіп бес күн келмедім. Шетелдік рейспен билеттерді алмастыра отырып келсем, ол менің келгенімді білмей қалады деп үміттендім.

Бағдаршамда тоқтағанымызда (такси) есік ашылып, аяқ асты ол отыра жөнелді. Оны осылай жетіп келеді деп күтпеп едім. Ол сол сәтте еш аяусыз маған пышақты сұға салды. Мен есімнен танған емеспін. Қатты ауырсынғанын да сезбедім.

Мен қорқынышты жайттар болып жатқанын түсініп, бар күш-жігерімді жинадым. Такси жүргізушісінен шара қолдануын жайлап сұрадым. Одан кейін бетіме соққы алдым. Көзім бірден ісіп кетті. Мен ештеңе көрмей қалдым. Кейін ол көлікті тоқтатуын сұрап, жүргізушіге қоқан-лоққы көрсетті. Мен көліктен шықтым. Ол мені өзге көлікке отырғызды. Көлікте оның туған жиені отырды. Мен адамның мұншалық қалай қатыгез болатынын түсіне алмаймын.

Мен жыласам да, айқайласам да ештеңе өзгермейтінін біліп, үнсіз отырдым. Ол мені екі сағат бойы соққыға жықты. Барлық жер қан-жоса болды. Мен одан балаларымызды ойлауын өтінген сайын ол маған кезекті соққы жасап отырды. Сол жағымда барлық бұлшықеттерім тартылып қалған, екінші деңгейлі жарымжандық. Сол көзім нашар көреді», — дейді продюсер.

Есентаева бүгінде ер адамдарға бұрынғыша қарай алмайтынын жасырмады.

«Әрине, әлі күнге дейін ашуға берілемін. Мен өмірде болып жатқанның бәрін бүгінде ауыр қабылдаймын. Құдай маған әйел ретінде ішкі күш бергендіктен, шындықты қабылдау үшін барымды салу керек екенімді түсінемін», — дейді Баян Есентаева.

«Қандай сұлу, жетістікке жеткен әйел болсаң да, ер адамның күшіне қарсы төтеп бере алмайсың», — дейді продюсер.

ДереккөзNUR.KZ

15 пікір

  1. Баян ханым молодец!!! Так держать!!! Пусть все будет с вами хорошо!!!

  2. Әйел жаны қашанда нәзік. Баян оте қайратты әйел.

  3. Баян держитесь, Вы самая сильная женщина! Мы Вас любим!!!

  4. Өкінішті Баян…Мықтысынғой бұл күндерде артта қалар….?

  5. Баян ханым келешекте бари жаксы болады бул кундериниз тус сиякты умыт болып кетсин деп тилеймиз кудай озинизге куат берсин

  6. куйеуиниздин сонша осылай уруына бир себеп бар шыгар,жайдан жай булай адам баласы оз айелин урмайт деп ойлаймын немесе баягыдан осылай меди,озиниз онын минезин жасырып келдинизбе? Калай мен толык тусинбедим 5 кун кешигип уйге келгениниз ушин сизге пысак салдыма?бир оз араларынызда катты тусиниспеушилик бар сиякты менинше,жазылып кетиниз.

  7. Сабыр түбі,сары алтын! Бәрі жақсы болады!

  8. Баян. Я за вас. Не простите мужа. Пусть сидит.

  9. Баян вы молодец!! Держитесь ,я уверена вы все преодолеете.

  10. Таңқаларлық ия ….сонша соққыдан соң ..осылай арада интервю берип отырганынызга куаныштымын…аман болыныз..

  11. Баян сізбен біргеміз.Əйелдердің бəрі сізді қолдайды.

  12. Баян куттыктаймын, Алла жар болсын! Айел адамдарды колдаймын деген пикириниз оте унады, сизге сенемиз

  13. Баян, мен сізге недеген мыкты әйел деп танкалып отырмын. Осындай жагдайдан кейн оз озинизге келип, сухбат берип отырганынызга аллага мында бир шукир. Сіз өте мыкты әйелсиз, алла тагалам шипа берсин.

  14. Баян, мүмкін бұны «жазмыш» деп қабылдарсыз.» Үйге әйел кірсе жарық кіреді, еркек кірсе жылу кіреді»,-деген. Жылуынан айырылған үйде береке болмайды. Сіздің отбасыңыздың жылуы болмағанына көп болған сияқты. Отбасында Әйел бақытын сезінбегеніңіз қиын, әрине. Сізге әйел бақытын сезінуге қыздарыңыз себепші болсын! Қыздарыңыз бақытты болсын!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!