«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 27 желтоқсан күні республикамыздың батыс және оңтүстік-шығыс облыстарында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, батыста түнде жауын-шашын көп түседі. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, бұрқасын соғып, жел күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді. Кей жерлерде жел екпіні секундына 22 метрге жетеді, Батыс Қазақстан облысында бұрқасын соғады. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында көктайғақ болып, жел күшейеді, Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын соғуы мүмкін.
Алматы, Түркістан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында арагідік тұман түседі, Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, жел күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз болады.