«Қазгидромет» РМК 27-29 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанға нормадан тыс аяз алып келген Сібір антициклоны республиканың көптеген облысының ауа райына әсер ете береді. Бірақ бұл — уақытша құбылыс.
Алдағы тәулікте, әсіресе, түнде қатты аяз болады. Бірақ батыс облыстарына циклонмен және атмосфералық фронттармен байланысты жылы және ылғал ауа массалары ене бастады. Осы циклонның шығыс бағытқа жылжуымен кей жерлерде қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан қатты жел тұрады, аяздың беті қайтып, температура біртіндеп жоғарылайды, — делінген хабарламада.