Бүгін Өзбекстан президент міндетін атқарушыны тағайындайды

Өзбекстан Конституциясының 96-бабы бойынша, «қазіргі президент өзінің міндетін атқара алмаған жағдайда, оның міндетін елдің Олий Мәжілісі сенатының төрағасы атқарады. Үш айдың ішінде «Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау туралы» заңға сәйкес сайлау өтеді» делінген.

Олий Мәжілісі сенатының төрағасы қызметін 2015 жылғы қаңтардан бастап Нигматулла Юлдашев атқарып келеді. Одан бұрын Сенат төрағасы әділет министрі қызметін атқарған, ал оның алдында Өзбекстанның бас прокурорының орынбасары болған.

Ислам Каримовтің өлімі туралы ресми ақпарат 2 қыркүйекте жарияланды. Өзбекстанның тұңғыш президентін 3 қыркүйекте Самарқанда жерледі.

ДереккөзCentral Asia