Риода Паралимпиада ашық деп жарияланды

«Маракана» аренасында болған салтанатты рәсім кезінде сөйлеген сөзінде ел президенті Темердің  сөйлеп жатқан кезінде жұртшылық бірнеше рет ысқырып, наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды ТАСС.

Сондай-ақ, өз кезегінде Халықаралық паралимпиядалық комитеттің  басшысы (IPC) Филипп Крейвеннің Бразилия үкіметіне алғыс білдірген шағында да осындай жағдай қайталанды.

Рио Паралимпиадасы 18 қыркүйекке дейін жалғасып, спорттың 22 түрінен 528 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан Паралимпиада спорты тарихында алғаш рет 11 жолдама жеңіп алып, спорттың бес түрінен ел намысын қорғайды.

Еске сала кетейік, Лондондағы паралимпиада ойындарына қазақ елінен 7 спортшы 3 спорт түрінен өнер көрсеткен болатын. Оның ішінде үшеуі үздік ондыққа кірді.

ДереккөзҚазАқпарат