Астана полиция
Фото: Астана әкімінің баспасөз қызметі

Астанада республикалық «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан» декоративті-қолданбалы өнер және балалар суретінен байқау ұйымдастырылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Шараның негізгі мақсаты мен міндеті: республикалық ауқымдағы шығармашылық байқауға қатысу арқылы оқушыларды Отанға деген махаббатқа, адамгершілікке, руханиятқа, патриотизмге, ұлттық мәдениетке деген құрметке тәрбиелеу, сонымен қатар талантты және дарынды балаларды анықтау, олардың өз өнерін дамытуына мүмкіндік беру», — делінген Оқушылар сарайының хабарламасында.

Астана полиция
Фото: Астана әкімінің баспасөз қызметі

Шығармашылық жарысты астаналық білім басқармасы мен Оқушылар сарайы ұйымдастырды.

Жеңімпаздар кубокпен, дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!