Ол бір ауысымда 100 адамды қабылдауға қауқарлы. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Амбулаторияның ашылуына «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Каналимов, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров, Астана мәслихатының депутаты Зейнулла Шибкенов қатысты.
«Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асты. «Өндіріс» ОДА 20-30 мың адамға қызмет көрсетуге арналған. Пайдалануға беру үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең – осы жылдың 19 желтоқсанында жалпы алаңы 218 ш.м. құрайтын жеке тұрған ғимаратта педиатриялық бөлімшенің ашылуы, екінші кезеңі – 2019 жылдың ақпанында жұмыс істеп тұрған «Сенім» ОДА ғимаратын жөндеуден өткізу; үшінші кезең – 2019 жылы «Өндіріс» отбасылық денсаулық орталығында жеке тұрған ғимаратын жаңғырту және 450 ш.м. қосымша орын беретін екінші қабатты қосу», — деді Ерлан Каналимов.
Жаңа емхана «Өндіріс» ТА Кемеңгерұлы көшесі, 18/2 мекен-жайында орналасқан.