Астанадағы «Нұр Әлем» павильонында Есіл ауданы әкімдігінің жаңажылдық шыршасы өтті. Астана әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелік кешке аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 200 бала шақырылды.
Әкімдіктің мәліметінше, кешке келген балаларды аудан әкімі Төлеген Зәкәриянов құттықтады. Ол балаларға оқуда табысты болуды және армандарының орындалуын тіледі.
Бұл мереке өткенді, қазіргі шақты және келер шақты байланыстырады. Өткен жылға қарап біз қандай іс тындырдық деп есеп береміз, ал келер жылға қарап біз жоспар, мақсат, меже қоямыз, — деді Төлеген Зәкәриянов.
Жаңажылдық ертеңгіліктен соң балалар павильонда серуендеп, ерекше экспонаттармен танысты. Мерекелік кешке келген әр бала сыйлықсыз қалмады.