Басты бетЖаңалықтарТЖД астаналықтарды...

ТЖД астаналықтарды пиротехника өнімдерін сатып алмауға шақырады

ТЖД Астана тұрғындарын көшелер мен базарларда пиротехника өнімдерін сатып алмауға шақырады.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мереке күндері отандық және шетелдік (Ресей, Қытай, Корея) фирмалар өндіретін пиротехникалық заттарды сатып алу еш қиындық тудырмайды.

ТЖД қызметкерлері пиротехникалық өнімдерді белгіленбеген жерден сатып алу және оларды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай пайдалану көптеген өрт оқиғаларының орын алуына, адамдардың жарақат алуына, тіпті адам өліміне себеп болуы мүмкін екенін айтады.

«Өрт қауіпсіздігі ережелеріне» сәйкес, пиротехникалық өнімдерді базарларда, сауда алаңдарында, көшелерде және осы мақсаттарда жарамсыз дүкендерде сатуға тыйым салынады. Пиротехниканы 18 жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ сертификаты мен егжей-тегжейлі нұсқаулығы жоқ өнімдерді сатуға және пайдалануға тыйым салынады, – деді Астана ТЖД  өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу басқармасының басшысы Орал Әбдрахманов.