«Ана жүрегі» қайырымдылық акциясына әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан, «Мүгедек балалар қоғамы» бірлестігінен атаулы көмек алатын аналар және емханаға тіркелген балалар қатысты. Акция барысында ерекше күтімге мұқтаж балалардың аналары онколог, маммолог, гинеколог, невропатолог, терапевт дәрігерлерінің қарауында болып, ЭКГ жəне УДЗ диагностикасынан өтті. Ал психологтар балалардың сенсомоторлық функцияларын жетілдіруге бағытталған түзету жаттығуларын жасатты.
Жыл сайын біз сіздермен осы емханада кездесеміз. Бұл бір жақсы дәстүрге айналды. Елбасымыз айтқандай: «Біздің байлығымыз – халқымыз, балаларымы». Біз ұйымдастырған іс-шараға келіп қатысқандарыңызға алғыс айтамыз. Осы мекемеде ұйымдастырылған акция сіздерге көмегін тигізді деп ойлаймын, — деді № 6 емхананың инновациялық технологиялар қызметінің жетекшісі Есжан Қалиев.
Іс-шара қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен № 6 қалалық емханада өтті.