Басты бет Жаңалықтар Астаналық 100-ден астам балаға жаңажылдық сыйлық таратты

Астаналық 100-ден астам балаға жаңажылдық сыйлық таратты

Астана тұрғыны Әлия Қуандықова және оның Аяз Ата мен Ақшақар бейнесіндегі достары аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңажылдық сыйлықтар табыс етті.

Фото баспасөз қызметінен

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 100-ден астам бала астаналық азаматшаның қолынан сыйлықтар мен тәттілер алды

Әкімдіктен көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін алдым. Facebook-тағы достарым мен таныстарым сыйлықтар алуға, қаражат жинауға көмектесті. Аяз Ата екеуміз сценарий жазып, сыйлықтарды сатып алу жағын реттедік. Достарым да маған көмек қолын созып, костюмдер киіп, бізбен бірге тәттілер таратты. Бұған қоса, олар кішкентай балалары бар отбасыларға  шана тарту еттік. Жаңа жыл – сиқырлы кезең. Мен осындай сыйлықтарды сирек көретін балаларға көңіл бөлгім келді. Енді біз ет сатып алып, оларды осы отбасыларға таратқымыз келеді, – дейді акция бастамашысы Әлия Қуандықова.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version