Басты бет Жаңалықтар Астанада жас суретшілер анықталды

Астанада жас суретшілер анықталды

Жас қылқалам шеберлерін Отан тақырыбында салған суреттері үшін марапаттады.

Фото: Астана әкімінің баспасөз қызметі

Тәуелсіздік күніне орай Достық үйінде қаладағы көркемсурет мектептерінің оқушылары арасында «Біздің Отанымыз – Мәңгілік Қазақстан!» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған байқауға Астанадағы Оқушылар сарайының қолданбалы өнер студиясы, «Индиго-студио» жекеменшік көркемсурет мектебі, елорданың №18 көркемсурет мектебінің шәкірттері қатысты. Қазылар алқасына барлығы 40 жұмыс ұсынылды.

Барлық балаға алғыс хаттары, ал жүлделі орын алған қатысушыларға шығармашылықпен айналысуға арналған қажет заттар және бояулар, мольберт табысталды, — деді Астана әкімдігінің «Қоғамдық келісім» МКК ұйымдастыру бөлімінің жетекші сарапшысы Күләш Төлегенова.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version