Астанада жас суретшілер анықталды

Тәуелсіздік күніне орай Достық үйінде қаладағы көркемсурет мектептерінің оқушылары арасында «Біздің Отанымыз – Мәңгілік Қазақстан!» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған байқауға Астанадағы Оқушылар сарайының қолданбалы өнер студиясы, «Индиго-студио» жекеменшік көркемсурет мектебі, елорданың №18 көркемсурет мектебінің шәкірттері қатысты. Қазылар алқасына барлығы 40 жұмыс ұсынылды.

Барлық балаға алғыс хаттары, ал жүлделі орын алған қатысушыларға шығармашылықпен айналысуға арналған қажет заттар және бояулар, мольберт табысталды, — деді Астана әкімдігінің «Қоғамдық келісім» МКК ұйымдастыру бөлімінің жетекші сарапшысы Күләш Төлегенова.