Астанада «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы жалғасып жатыр

Астананың барлық сауда орталықтары мен базарынд шопинг-кеңес форматында «Әлеуметтік бюро» акциясы өтті. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Демалыс күндері елорда тұрғындарының, әсіресе әйелдердің көпшілігі сауда орталықтары мен базарларда жүретіндіктен, осындай шопинг-кеңес беру тәсілі арқылы тұрмыстағы зорлық-зомбылықты алдын-алу жөніндегі ақпаратпен қаламыздың тұрғындарының басым бөлігін қамтыдық деп ойлаймын», — деді Астана қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық-насихаттық акциясы өтеді.

Шараның мақсаты — отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, әйелдер мен балалардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың жолын кесу, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру.