Астанадағы ашық тұрған құдықтар жабылды

Астанадағы ашық құдықтарды анықтауға iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының пайдасы тиіп жатыр. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құдықтардың қақпағын ұрлау мәселесі елорданың барлық аудандарында әлі де өз өзектілігін жоғалтқан жоғалтқан жоқ.

Есіл ауданында 26 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Астана әкімдігінің iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына ашық қалған құдық туралы 216 шағым келіп түскен, — делінген аудан әкімдігінің «Фейсбуктегі» ресми парақшасында.

Есіл ауданы әкімінің аппаратында барлық шағымдар қаралып, өңделді. Көшелерді аралау барысында тағы да 15 құдық жабылған.

Сәрсенбіде Сарыарқа ауданының аумағын аралау барысында және байқампаз қалалықтардың көмегімен 7 құдықтың ашық жатқаны анықталған болатын. Бүгін олардың бәрі де қайтадан жабылды.