Шараға Қазақстаннан бөлек Армения, Қырғызстан және Қытай сияқты елдердің өнерпаздары қатысып жатыр. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Жеңімпаздар «Аспаптық жанр», «Халық әндері» сияқты екі номинацияда анықталады.
Мен Ақкөл қаласынан келдім. Екінші сыныптан бері домбырада ойнаймын. Атам мен әжем менің домбырада ойнауды үйренгенімді армандайтын. Бұған дейін де мен көптеген халықаралық, республикалық конкурстарға қатыстым. Италиядағы байқауда мен бірінші орынға ие болдым. Бұл байқауда да жеңімпаз атанғым келеді, — дейді байқауға қатысушы Анель Қадырова.
Шараны Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Халықаралық өнер, мәдениет, білім беру және спорт салаларының таланттарын қолдау қоры» ұйымдастырды.