Байқоңыр ауданына барлығы 400-ге жуық шам орнатылады. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іске асырылып жатқан үлкен жобалардың бірі — «Өндіріс» тұрғын алабының 62 көшесінің жарықтандырылуы.
Бүгін тұрғын алаптың 35 көшесінде 200-ден астам шам орнатылып, жыл соңына дейін тағы 27 көше жарықтандырылып, 200 жарық беру құралдары орнатылады. Оның ішінде «Кирпичный» секторының 15 көшесі де бар,- деп жазды Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов Facebook парақшасында.
45 жерге жарық орнатылып, 45 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында жарық беру құралдары жаңартылды.
Әкім 2019 жылға арналған жоспарларымен бөлісіп, келесі жылы ауданда 580 шам ауыстырылып, 452 КТҮ-нің 242 ауласы жарықтандырылатынын айтты.
Аудан әкімдігі тұрғындардан жарықтандыру бойынша ұсыныстарын қабылдайтынын, сол ұсыныстардың ескерілетінін хабарлады.