Басты бет Жаңалықтар Зорлықсыз 16 күн: Полиция қызметкерлеріне семинар өтті

Зорлықсыз 16 күн: Полиция қызметкерлеріне семинар өтті

«Зорлықсыз 16 күн» республикалық ақпараттық-насихаттық акциясы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өткізіледі.

Фото: Астана әкімінің баспасөз қызметі

Астананың қоғамдық даму істері басқармасы мен әкімдік жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шара отбасы мен қоғамда гендерлік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, семинар отбасы және қоғамдағы гендерлік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған.

Барлық қатысушыларға отбасылық және тұрмыстық қатынастарда құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпараттық материалдар таратылып, сертификаттар табысталды.

Еске сала кетейік, «Зорлықсыз 16 күн» республикалық ақпараттық-насихаттық акциясы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өткізіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version