Астанадағы «Қазақ елі» монументі алаңында ең үлкен мұз айдыны ашылды

Мұзайдын орталығында жаңажылдық шырша орнатылды, ойын-сауық іс-шаралар өткізу үшін сахнасы жабдықталған. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен жарықдиодты экран қойылған, ол жаңажылдық телехабарларды және Елбасының құттықтауын тікелей эфирде көрсететін болады.

Алғаш рет Тәуелсіздік күні қарсаңында мереке күндері, адамдар келіп, бос уақытын жақсы өткізу үшін — «Қазақ Елі» алаңында мұзайдыны ашылды. Өз конькилерімен келгендер тегін сырғанайды. Егер сізде коньки болмаса сол жерде жалға беру орындарынан алуға болады, — деді «Алматы» ауданы әкімнің орынбасары Тынысбек Арашапов.

Ыстық тамақ, сырғанауға арналған құралдар беретін орындар ашылған. Алаң аумағы шағын сәулет нысандарымен және жарықилюминді панномен безендірілген. Көліктерге арналған арнайы орын және қауіпсіздік шаралары қарастырылған.

Бұл алаң күзетілетінін білесіздер. Полиция бекеті бар, олар тәулік бойы тәртіпті қадағалайды. Сонымен қатар, дәріхана, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық қызметкер де болады, — деді Тынысбек Арашапов.

Қазіргі кезде «Президенттік» парк пен «Хайвилл» ТК жағынан ең биік және үлкен мұзды тау ашылды. Оның ұзындығы 160 метрден асады. Оны «Астана көгалдандыру құрылысы» жұмысшылары салған.

Мұзайдын
Фото: Астана әкімінің баспасөз қызметі

Өткен жылдағыдай «Жерұйық» саябағында 5000 шаршы метр мұз айдынын ашу жоспарда тұр. Бұл жерде мұз сырғанағы. Сондай-ақ, ыстық тамақ, конькиді және тюбинг (ватрушка) жалға беру пункттері ұйымдастырылды.

Еске сала кетейік, барлық алаңдар AstanaWinterland жобасы шеңберінде ашылып жатыр, жоба аясында 12 тақырыптық алаң, 32 мұз айдыны және 36 мұз төбешік қаланың түрлі аудандарында бой көтеріп, іске қосылды. Жалпы алғанда барлық ойын-сауық орындарында 4 мыңнан астам іс-шаралар өткізу жоспарланған.