Басты бет Жаңалықтар Астанаға 900 тонна көмір жеткізілді

Астанаға 900 тонна көмір жеткізілді

Жеткізілген 900 тонна қатты отынның 555 тоннасы – "Шұбаркөл", 345 тоннасы – "Қаражыра" көмірі.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Отын-энергетикалық кешен және Коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, 20 желтоқсандағы жағдайға сәйкес көмірдің жалпы қоры 11 069,5 тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлайды.

Астанадағы көмірдің бағасы төмендегідей:

«Шұбаркөл» тоннасы – 11 400 теңге,

«Қаражыра» тоннасы – 13 200 теңге,

«Майкөбе» тоннасы – 12 500 теңге,

«Богатырь көмір» тоннасы – 9 000 теңге,

«Кузнецкий» тоннасы – 12 250 теңге.

Қазіргі таңда нарықтағы көмірге қатысты жағдай тұрақты. Отын-энергетикалық кешен және Коммуналдық шаруашылық басқармасы сатушылармен бағаны көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойған. Астана әкімдігі күн сайын нарықтағы көмірге қатысты жағдайға мониторинг жүргізіп, оны үнемі бақылауда ұстап отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version