Астанаға 900 тонна көмір жеткізілді

Отын-энергетикалық кешен және Коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, 20 желтоқсандағы жағдайға сәйкес көмірдің жалпы қоры 11 069,5 тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлайды.

Астанадағы көмірдің бағасы төмендегідей:

«Шұбаркөл» тоннасы – 11 400 теңге,

«Қаражыра» тоннасы – 13 200 теңге,

«Майкөбе» тоннасы – 12 500 теңге,

«Богатырь көмір» тоннасы – 9 000 теңге,

«Кузнецкий» тоннасы – 12 250 теңге.

Қазіргі таңда нарықтағы көмірге қатысты жағдай тұрақты. Отын-энергетикалық кешен және Коммуналдық шаруашылық басқармасы сатушылармен бағаны көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойған. Астана әкімдігі күн сайын нарықтағы көмірге қатысты жағдайға мониторинг жүргізіп, оны үнемі бақылауда ұстап отыр.