Астанада Pro FIT жаңа аула клубы ашылды

"Астана жастары" жастар ресурс орталығы Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесіп И.Құтпанов көшесі, № 5/1 мекен-жайында орналасқан үйде Pro FIT жаңа аула клубын ашты.

Астана әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалар мұнда дзюдо, самбо, қолданбалы өнер және домбырада ойнауды үйренеді. Ашылу салтанаты Тәуелсіздік күніне орайластырылды.

Клубта жастардың рухани және физикалық дамуына басымдық беріледі. Біз барлық жағдайды осыған ыңғайластырамыз. Өскелең ұрпаққа осы өмірден өз орнын табуға және жаңа биіктерге көтерілуіне көмектесеміз деп ойлаймын,  — деді Pro FIT аула клубының басшысы Альмира Борамбаева.

Бүгінде аула клубына 30 бала жазылған. Клубтың ашылуы балалар мен жасөспірімдердің мекенжайы бойынша бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған.

Pro FIT клубынан басқа Сарыарқа ауданында үш аула клубы бар. Олардың орналасқан мекен-жайлары:

Көктал-1 мөлтекауданы, Сұлукөл көшесі, 14-үй;

Московская көшесі, 18-үй;

Көктал-2 мөлтекауданы, Арқалық көшесі, 18-үй.