Басты бет Жаңалықтар Футзалдан Астана кубогында Ақмола облысының спортшылары үздік болды

Футзалдан Астана кубогында Ақмола облысының спортшылары үздік болды

"Астана" спорт клубында қаладағы құлағы нашар еститін спортшылар арасында футзалдың кубогы бойынша ашық турнирдің баталиясы ойнатылды.

Фото: Астана әкімінің баспасөз қызметі

Астана әкімдігінің қолдауымен өткен турнирге 16 жастан жоғары футболистер қатысты. Үш команданың екеуі Астананың атынан шықты, ал команданың атауы «Астана-1» және «Астана-2» болды. Үшінші команда Көкшетаудан келген.

Құлағы мүкіс еститін спортшылар арасында Астананың футзал бойынша кубогының ашық турнирін жыл сайын Тәуелсіздік күні құрметіне орай өткізіп келеміз. Біздің балалар «Жігер» спорт клубында жаттығады. Кейбірі колледжде оқиды, кейбірі жұмыс істейді, — деді турнирдің төрешісі, ҚР мүгедектік спорты бойынша спорт шебері, «Жігер» спорт клубының жаттықтырушысы Тәжібай Таймамбетов.

Футзал
Фото: Астана әкімінің баспасөз қызметі

Турнирдің финалында «Астана-1» мен Көкшетау командасы шықты. Бірінші таймда екі жақта тең түсті, сол себепті екінші тайм тартысты өтті. Соңында көкшетаулықтар басым түсіп, бәсекелесінен басып озды. Есеп 3:2.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version