Өткен тәулікте Астана 35 мыңнан астам текше метр қардан тазарды

3 желтоқсанда 317 жұмыскер қаланы қардан тазалады. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана Тазалықтың» мәліметінше, қар тазалауға мамандандырылған техниканың 564 бірлігі жұмылдырылды. Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі – 35094 текше метр. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 16915, өзге мекемелер 17129,  «Астана көгалдандыру құрылысы» 1050 текше метрін шығарды.

16 қазан мен 3 желтоқсан аралығында 604139 текше метр қар шығарылды. 3 желтоқсанда көшелерге 150 текше метр құм-тұз аралас қоспа себілді. 13 қазан мен 3 желтоқсан аралығында 10079 текше метр құм-тұз аралас қоспа себілді.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қаланың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатынын еске салды.