Басты бетЖаңалықтарАстанада "Жайдарман"...

Астанада «Жайдарман» ойындары өтті

«Жайдарманның» жоғары лигасына еліміздің әр аймағынан көңілді әрі тапқыр бес команда қатысты. Жас, шығармашыл өрендер Астана көрермендері үшін жарқын әрі ұмытылмас қойылымдарды ұсынды.

Ойын үш кезеңнен тұрды: сәлемдесу, ширату және үй тапсырмасы. Қазылар алқасының құрамында бұрынғы КТК ойыншылары Нұрдәулет Шертім мен Еркебұлан Мырзабек, тележүргізуші Дана Нұржігіт, сатирик Әмірбек Көпен мен «Жас Отан» жастар қанатының жауапты хатшысы Дәулет Кәрібек бар.

Президент өз Жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Біздің министрлік жас таланттарды паш етуге қолдау көрсетеді. Келер жылы да Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Жайдарман» жобасын қолдайды. Бұл жоба миллионнан астам көрермендерді біріктіріп, халықаралық брендке айналды. Бұл кеш Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіліп отыр. Барлық командаларға сәттілік тілеймін», — деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және әлеуметтік-саяси жұмыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Қуат Борашев.

Жайдарман
Фото: Астана әкімінің баспасөз қызметі

Ойынның қорытындысы бойынша, бірінші және екінші орынды Шымкенттің «Байдың балалары» және «ОҚМПУ құрамасы» командалары, үшінші орынды Ақтөбеден «Фемида» командасы иеленді. Ал «Үздік ойыншы» номинациясын «Фемида» командасының мүшесі Есет Мырзағалиев иеленді.