Сарыарқа ауданының төтенше жағдайлар басқармасы өрт қауіпін болдырмау мақсатында акция өткізіп жатыр. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көмір жағу салдарынан уланып қалу өте қауіпті, соңы өлімге әкеп соғуы мүмкін. Бұл заттың тағы бір жаман жері, оның не түсі, не иісі болмайды. Қатты уланып қалған адам өліп кетуі де мүмкін, — дейді ТЖ қызметкері.
Өткен жылы Сарыарқа ауданында құтқарушылар газдан уланудың 16 оқиғасын анықтаған еді. Осы жылы бұл көрсеткіш төмендеген: қаңтар-қараша аралығында осындай 10 жағдай тіркелді.
Кейде біз әңгімелесу жүргізгеннен кейін де, адамдар сол бір қателікті қайталап жасап жатады. Адамдар көбіне біз берген жадынамаларды тастай салады, оның ішінде не жазылыпты деп оқып та шықпайды. Күтпеген оқиғалар көбіне пешке от жаға алмайтын пәтер жалдаушылардың кесірінен шығып жатады, — деді ТЖ өкілі Әбішев С.
Құтқарушылар ескертеді! жылыту құралдарын дұрыс пайдалану арқылы сіз өзіңізді және айналаңыздағыларды күтпеген қауіптен құтқара аласыз. Құрқарушылардың айтқан кеңестері мен таратқан ақпараттарына атүсті қарамай, оқып шығыңыздар. Ең бастысы, жылыту құралдары бұзылып қалса, дер кезінде жөндеп, қауіптің алдын алыңыз.