Басты бетЖаңалықтарАстанадағы Пригородный...

Астанадағы Пригородный тұрғын алабында «Шипажай» отбасылық амбулаториясы ашылды

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тәуелсіздік күні қарсаңында Пригородный тұрғын алабында жаңа «Шипагер» ОДА (отбасылық дәрігерлік амбулатория) ашылды. Жаңа клиниканың ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қатысты. Олар амбулатория мен танысып, кабинеттер мен құрылғыларды көрді.

Ермек Аманшаев Пригородный тұрғын алабының тұрғындарын ашылған медициналық мекемемен құттықтап, денсаулық тіледі.

Жоба МЖӘ аясында жеке инвестициялар есебінен ашылған. Тұрғын емес үй-жай қаланың коммуналдық меншігіне берілген.

Біз емделушілердің кепілді тегін медициналық көмектің көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететеміз. Осы жерде профилактикалық іс-шаралар, скринингтік бағдарламалар, диспансерлеу және тағы басқа  ұйымдастырылатын болады, — деді «Шипагер» отбасылық дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері Дархан Нұрлыбеков.

Амбулатория
Фото: Астана әкімінің баспасөз қызметі

Бекітілген халықтық тіркеуге сәйкес, мұндағы алты учаскеде 10101 адамға қызмет көрсетілетін болады, оның ішінде 4188-і балалар, 1184 жасөспірім, 5913-і ересектер, 202 пациенттің жасы 70-тен асқан.

Бұрын елді мекеннің тұрғындары екі қабатты үйде орналасқан 40 шаршы метрлі медициналық мекемеде қаралатын. Енді тұрғындар сабылып қалаға бармай-ақ үйдің жанындағы жаңа заманғы құрылғылармен жабдықталған амбулаторияда қаратын болады, — деді бас дәрігер.

Амбулаторияда жалпы практика дәрігерінің үш кабинеті, фильтр кабинеті, акушер-гинекологиялық және хирургиялық кабинеттері мен қан алу, иммунды алдын алу, УДЗ кабинеті жұмыс істейді.