Астана бір күнде 7500 текше метрге жуық қардан тазарды

Өткен тәулікте Астана көшелерін 367 техника қардан тазартты.

«Астана Тазалық» ЖШС-іне сілтеме жасаған әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 желтоқсанда қаланы қардан тазалауға 320 жұмыскер шыққан.

Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі — 7438 текше метр. «Астана Тазалық» қардың 1 658, өзге мекемелер 572, «Астана көгалдандыру құрылысы» мекемесі 60 текше метрін шығарды, — делінген кәсіпорынның хабарламасында.

16 қазаннан 23 желтоқсанға дейінгі аралықта қала сыртына барлығы 932 968 текше метр қар шығарылған. Сол аралықта көшелерге 11 492,5 текше метрі себілді.

Әкімдіктің мәліметінше, 21 қараша мен 23 желтоқсан аралығында көктайғаққа қарсы реагенттің 58,97 тоннасы шашылған. Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақты «109» нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатынын еске салады.

Сонымен бірге iKomek орталығына әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы хабарласуға болады.

Telegram-дағы: t.me/astanaikomek109_bot чат-боты;

Әкімдік сайты: Аstana.gov.kz

Әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды #astana109 хештегімен белгілеуге болады.

Facebook: www.facebook.com/astana109/

Instagram: www.instagram.com/astana109/

Telegram-канал: t.me/astana109112