Басты бет Жаңалықтар Өзбекстанды кім басқарып отыр?

Өзбекстанды кім басқарып отыр?

Өзбекстан Республикасының Конституциясы бойынша, президент міндеттерін Сенат төрағасы, Нигматулла Юлдашев атқаруы тиіс, бірақ бұл туралы ел ішінде ешкім ресми жариялаған жоқ.

Шавкат Мирзияев

Әлемдегі шетел президенттері мен премьерлері, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қоса алғанда, 2-қыркүйекте Ислам Кәрімовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхаттарын өздері президенттің міндеттерін уақытша атқарушы деп атаған ел Сенатының төрағасы Нигматулла Юлдашевтың атына жолдады.

Ел Конституциясы бойынша, әрекет етуші президент өз міндеттерін атқара алмайтын жағдайда оның міндеттерін атқару Олий Мәжілісі (парламент) Сенатының төрағасына ауысады. «Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау туралы» Заңға сәйкес, үш айдан кейін президент сайлауы белгіленуі тиіс.

Нигматулла Юлдашев 2015 жылғы қаңтардан бастап Сенат төрағалығы қызметіне тағайындалған. Одан бұрын Сенат төрағасы әділет министрі қызметін атқарған, ал оның алдында Өзбекстанның бас прокурорының орынбасары болған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version