Сарыарқа ауданының әкімі Тұңғыш Президент күні босанған жас аналарды құттықтады

Астананың № 3 перинаталдық орталығында мерекелік түні 8 нәресте дүниеге келді. Олардың төртеуі – ұл, төртеуі – қыз. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сәбилердің аналарын Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек құттықтады. Бұл күні қуаныш иелеріне гүл шоқтары, серуенге арналған арбалар мен нәрестеге қажетті бұйымдар сыйға тартылды.

Сіздердің балаларыңыз дүние есігін еліміз үшін өте маңызды күні ашты. Бұл – ҚР Тұңғыш Президенті күні. Бүгін республикамыздың түкпір-түкпірінде осы мереке аталып өтуде. Бірақ сіздер үшін оның ерекше мәні бар. Сіздерге және бөбектеріңізге денсаулық тілеймін! Еліміздің елеулі азаматтары болсын, — деп тілегін білдірді ол.

Өз кезегінде № 3 перинаталдық орталықтың бас дәрігері Зайтуна Хамидуллина нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы екендігін жеткізді.

Біз биыл балаларға арналған жан сақтау бөлімі заманауи қондырғымен жабдықталды. Осының арқасында бізде бала өлімі көрсеткіші төмен. Бес жылдың ішінде біздің перзентханада ана өлімі мүле тіркелген жоқ. Менің ұжымым қолынан келгеннің бәрін жасауға тырысады, біз үйренуден ешқашан жалықпаймыз, жұмыс істейміз, — деді ол.

Аналар аудан әкімі мен дәрігерлерге өз алғысын білдірді. Олардың көбісі тұңғыш баласының дүниеге келуін атап өтуде.

Біз ұлымыздың есімін әлі қойған жоқпыз. Оған есімді әжеміз береді. Ұлымыз – оның тұңғыш немересі. Сыйлақтар бізге ұнады. Бәрі де бала күтіміне қажетті заттар. Жеңіл арба серуен үшін өте ыңғайлы, — деді жас ана Айдана Каликова.

Екі қыздың анасы Хади Цурова сәбиді осындай маңызды күнде дүниеге әкелемін деп ойламапты.

Перинаталды орталықтардың мәліметіне қарағанда, сағат 12:00-дегі жағдайға сәйкес ҚР Тұңғыш Президенті күні дүниеге 26 сәби келген. Олардың 10-ы – ұл, 16-сы – қыз. «Болжам бойынша бүгін Астанада 86 нәресте туады, — деп мәлімдеді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.