Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда пәтер құны арзандап жатыр

Қазақстанда пәтер құны арзандап жатыр

Елімізде пәтер сатып алу қарқыны едәуір азайған. Тіпті, тұрғынүй құрылысын жақында аяқтаған компаниялар да тығырыққа тіреліп, үйлерді бөліп төлеуге дейін жеңілдік жасап жатыр.

Фото: Scs.edu.au

Қазіргі уақытта ең арзан үйлер Орал қаласында. Арзан бағадағы үйлер Шымкентте де көбейген. Сатып алушылар саны азаюы себебінен, пәтер құны қымбатырақ қалалар Астана мен Алматыда да үй бағасы сәл арзандаған. Соңғы айдағы сараптамаға сәйкес, шаршы метрдің орташа бағасы — 387 мың 100 теңге. Ал ең төмені — 278 мың теңге. Алайда, сұраныстың азайғаны элиталық үйлерге еш әсер етпеген. Бұрынғы баға сақталған – шаршы метрі жарты миллон теңгеден жоғары сатылып жатыр.

«Саябырсып қалған жылжымайтын мүлік саудасы тек келесі жылдың басында қозғалуы мүмкін» дейді астаналық риэлторлар.

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version