Басты бетЖаңалықтарҚазақстандықтардың несие...

Қазақстандықтардың несие бойынша берешегі 6 триллион теңге болды

2018 жылдың қазанының соңында қазақстандықтардың жиынтық бөлшек несие берешегі шамамен 6 триллион теңге болды, өткен қыркүйек айымен салыстырғанда қарыз көлемі 1,7%-ға көбейген, бұл 2018 жылдың бас кезеңімен салыстырғанда 14,4%-ға көп. Бұл туралы Ranking.kz сарапшылары жария етті.

Бөлшек несиенің жартысынан көбі — тұтынушылық несие. Ол қазан айының соңында  барлық несие көлемінің 53,1%-ы болды.

Несиенің орташа мөлшері жылдың басынан бері 3,1%-ға, яғни 534 мың теңгеге азайған, несие мөлшерінің бір айда 0,9%-ға азайғаны байқалады. Осы жылдың басынан бері несие берешегінің бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 5,1%-ға  — 908 мың теңгеге дейін артқан. Бұл көрсеткіш бір айда 0,4%-ға өсіп отыр.

Несие беру құрылымдарына келсек, бұл жағынан қазан айында берілген барлық бөлшек несиенің 91,4%-ы банк секторына тиесілі болды, екінші орында — шағын несие беру ұйымдары (6%), үшінші орында — онлайн-несиелендіру жүйелері (2,4%).