Жүргізушілер үшін айыппұл көлемі азаюы мүмкін

«Көрiнбейтiн немесе стандарт талаптарына сай емес орнатылған көлiктердiң мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiлерi үшiн салынатын айыппұл көлемiн бес айлық есептiк көрсеткiштен үш АЕК-ке азайту керек» дейді депутат Мұхтар Тiнiкеев.

Бас прокуратураның департамент басшысы Әсет Тендалиевтің мәліметі бойынша, соңғы 15 жылда кейбiр айыппұлдардың көлемi 25 есеге артқан (5 мың теңгеден 396 мың теңгеге) ал халық табысы тек 7 есеге көбейген. Жыл сайын есептiк көрсеткiштер өзгере бередi, ал еңбекақы сол күйiнде қалып отыр», — дедi депутат Тінікеев.

Айыппұл көлемiн азайтуды немесе мүлдем алып тастауды ұсынған Мәжіліс депутаты: көлiктегi нөмiр белгiлерi көрiнбей қалса, үлкен айыппұл салмас бұрын жолдардың сапасына назар аудару керек, дейдi.

Бүгін төменгi палатада өткен заң жобасы бойынша ҚР «Жол жүрiсi туралы» және Әкiмшiлiк құқықбұзушылықтар туралы кодекстiң бiрқатар нормасына 15 түзету енгiзу көзделген.

ДереккөзBaq.kz