Қытайдағы Қазақстан студенттері қауымдастығы Тәуелсіздік күнін Чанчжоуда тойлады. «Рухани жаңғыру» деп аталған шара екі күнге созылды.
Бірінші күні қазақ жастары мамандықты дұрыс таңдау және қазақ тілінің мәртебесін көтеру мәселелерін дөңгелек үстелде талқылады.
Екінші күні Қазақстан студенттері КВН ұйымдастырды.
Көңілді тапқырлар ойынында 4 команда өнер көрсетті, еліміздің Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырылған шарада ТМД елдерінен келген студенттер де болды.
Айта кетейік, Қазақстан студенттері қауымдастығы ҚХР-дың 17 қаласында бар. Қытайда білім алып жүрген қазақ жастары белсенді. Жыл бойы еліміздің айтулы мерекелерін бірге атап өтіп, одан бөлек, ай сайын кітап алмасу шаралары мен әдеби кештер, университет көлемінде қазақ тілі бұрышы сияқты мәдени шаралар өткізеді. Мысалы, төл теңгеміздің туған күнінде Сианьда «Бауырсақ пати» ұйымдастырылды. 5 миллион 905 мың халқы бар қаланың басты көшесінде қазақтың ән-күйі шырқалып, бауырсақ таратылды.
Алинұр Сұлтанбаев ҚХР, ҚҚСҚ Шанхайдағы төрағасы