Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жаңа өнімдер әзірлеп, оларды жүзеге асыруға қоғам өкілдерін жұмылдырып отыр. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері осы жылы «Әскери өнім» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты. Кеңес төрағасы, белгілі журналист Сергей Пономарев Алматы, Астана, Тараз бен Семейдегі әскери бөлімдерге барып, жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша несиелендіру шарттарын түсіндіріп, әскери қызметшілердің пікірін біліп қайтты. Бұл туралы ол Алматыда өткен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қоғамдың кеңесінің кезекті отырысында айтып берді. Шараға банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова да қатысты.
Әскери бөлімдерге жасалған сапар нәтижесінде банк клиенті атанған Отан қорғаушылардың пікірлері мен ескертулері жиналды. Қолға түскен ақпараттың бәрін банк басшылығына тапсырдым және алдағы жылы әскери қызметшілердің бұл ұсыныстары ескеріледі деп үміттенемін. Қазір оларға 1 800-ден астам жеңілдетілген заем берілгені, ал 300-дей несие өтінішінің қарастырылып жатқаны белгілі. Банктің қолдауы мен Қоғамдық кеңестің бақылауының арқасында әскери мамандар пәтер жалдаушыдан баспана иесі мәртебесіне өтіп жатыр. Бұл игі іс жалғасын таба береді деп сенемін, — деді Сергей Пономарев.
Сонымен бірге Қоғамдық кеңес мүшелері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп екінші жыл қатарынан «Жасыл мекен» акциясын өткізді. Бұл жоба банк салымшыларының аулаларын көгалдандыруға арналған. 2018 жылы «Жасыл мекен» акциясы 25 000 қазақстандықты қамтыды, 1000-нан астам ағаш отырғызылды.
Жаңа жобалар мен акциялардан бөлек Қоғамдық кеңес мүшелері банкпен бірігіп тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің ең басты мақсатын, яғни табысына қарамастан барлық азаматқа қаражат жинап, кейін үй сатып алуға немесе салуға тиімді несие ресімдеу мүмкіндігін беруді насихаттауды жалғастырып келеді. Бұл бағытта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшысы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен оқыту семинарлары және фасилитациялық сессиялар өтті. Қоғам және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған шараларда қаражат жинау білу қасиетінің пайдасы және қаржылық дисциплина мәселелері талқыланды.
Халықтың қаржылық сауатының өсуі Қоғамдық кеңеспен бірлесіп жүргізілген жұмыстың нәтижелі болғанын білдіреді. Бұған тұтынуды емес, қаражат үнемдеп, ақша жинауды жөн көрген Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары санының өскені дәлел. 2018 жылдың 11 айы ішінде банкте 347 574 жаңа депозит ашылды. Жалпы алғанда біздің банкте қазір 1,2 миллионнан астам адам баспаналы боламын деп қаражат жинап жатыр. Олардың шоттарындағы жалпы жинақ сомасы 583,3 миллиард теңге болды, — деді Ләззат Ибрагимова.
Болашақта банк клиенттері сапалы және жайлы үйлерде тұруы үшін қазір Парламент депутаттары елдің тұрғын үй қорына күрделі жөндеу жүргізуді қаржыландыру мәселесін талқылап жатыр. Ләззат Ибрагимова отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелерімен бұл бағыттағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ролін бірлесіп талқылады.