Алматы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Тәуелсіздік таңы» монументі алдына Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алып, тағзым етуге Алматы әкімі Бауыржан Байбек, мемлекет қайраткерлері мен Желтоқсан оқиғасына қатысқан тұлғалар, Жастар ұйымының мүшелері қатысты.
Айта кетейік, қала әкімі бұған дейін ескерткішке келіп, тағзым ететіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жақсы жағдай жасалуын тапсырған еді. Бұрын көлік қозғалысы ескерткішке дейін тиіп тұрса, қазір қолайлы әрі қауіпсіз шағын алаң пайда болған. Оған кеспе тас төселіп, жарық орнатылып, жасыл желек те отырғызылған.