Басты бетЖаңалықтарДемалыс және...

Демалыс және мереке күндері қандай ауа райы күтіп тұр?

«Қазгидромет» мамандары 15-19 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батыс аймағында қардың жаууына себеп болған циклонмен байланысты белсенді бұлтты массив шығысқа қарай ығысады. Осы циклонның Қазақстан аумағы арқылы жылжуына байланысты кей жерлерде қар жауып, бұрқасын, екпінді жел соғады, республиканың көп бөлігінде көктайғақ болып, тұман түседі.

19 желтоқсанға қарай тропосфералық ағындардың батыстан солтүстікке ауысуынан және антициклонның ығысуынан республиканың көп аймағында күн суық болады.

Астанада 15 желтоқсанда көшпелі бұлт тұрып, күндіз қар жауады. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен секундына 9-14 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13 градус, күндіз 3-5 градус аяз болады. 16 желтоқсанда да көшпелі бұлт тұрып, қар жауады. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге жететін жел соғады. Түнде 9-11, күндіз 6-8 градус аяз болады. 17 желтоқсанда тағы да күн бұлтты болып, қар жауады. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге жететін жел соғады. Түнде 11-13, күндіз 6-8 градус аяз болады.

Алматыда 15 желтоқсанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады, түнде және күндіз тұман түседі. Түнде 2 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы болады. 16 желтоқсанда көшпелі бұлт тұрады, жауын-шашын болмайды, тұман түсіп, көктайғақ болады. Секундына 2-7 метрге жететін жел соғады. Түнде 0-2 градус, күндіз 4-6 градус жылы болады. 17 желтоқсанда күн бұлтты болып, қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде 4-6 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады.

«Қазгидромет» 15-17 желтоқсан күндері Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болатынына және жел күшейетініне байланысты, 15 желтоқсан күні Түркістан облысында және Шымкентте жел күшейетініне байланысты, Ақтөбе облысында тұман түсіп, көктайғақ болатынына байланысты, Батыс Қазақстан облысында қар, тұман, көктайғақ пен боранға байланысты ескерту жарияланды.