«Барысқа» жаңа бапкер келді

«Барыстың» тізгінін Эдуард Занковец ұстады. Бұл маман Құрлық хоккей лигасында және Ұлттық хоккей лигасында жұмыс істеген. Мәскеудің «Динамо», Омбының «Авангард» клубын және Беларусь ұлттық құрамасын баптаған.

Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасының биылғы маусымында «Барыс» хоккей клубы үш ойында қатарынан ұтылған болатын. Ал 2018 жылғы қысқы Олимпиадаға іріктеу турнирінде Франциядан жеңіліп, жолдамадан айырылды. Бұған дейін Андрей Назаровтың жетекшілігімен команда хоккейдің элиталық дивизионынан шығып кеткен. Осыдан соң, кеше Андрей Назаров қызметінен босатылды.

ДереккөзBAQ.kz