Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев 3 азаматқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Нұрсұлтан Назарбаев 3 азаматқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Олар: мүгедектер бірлестігінің басшысы, фермер және мұғалім.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш адамға мемлекеттік награда беру туралы жарлық шығарды.

Тиісті құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын, — делінген жарлықта.

Мемлекет басшысының жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені «Ақтөбе сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы Құралай Байменоваға, Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаевқа және Шымкенттегі А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Алина Соловьеваға берілді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version