Нұрсұлтан Назарбаевтың жалғыздық туралы айтқан видеосы жарияланды

ҚР Президенті Телерадиокешені Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет басқаратын адамдардың жалғыздығы мен басқа да қиындықтары туралы айтқан видеосын жария етті.

Нағыз көшбасшының қиындығы сол — сен бәрінің алдында жолға қарап жүресің. Сен жетекшісің, жетектегі емессің. Сен жетектеп жүресің. Қайда апаратыныңды білмесең, қалай жетектейсің? Әрине, кеңесші көп, бес қаруыңды сайлап тұратын көмекшілер бар, жазады, талдайды, тағысын тағы. Бірақ шешімді қабылдайтын — өзің, — дейді Президент instagram-да жарияланған архив видеосында.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, ел басқаратын лауазым иелерінің кеңесшілері өздері жазған дүниеге жауап бермейді.

Саған, Президентке шешім қабылдап, оған жауап беру керек болады. Президенттің жалғыздығы осында. Жалғыз өзіңе осы жерде отырып, жұмыс істеуге тура келеді, — дейді Қазақстан Президенті.

ДереккөзZakon.kz