Басты бетЖаңалықтарСабақтан қашқан...

Сабақтан қашқан оқушылардың ата-анасы 15 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді

Алайда кейбір ата-аналар бұл айыппұлдардан да қорқатын емес. Амалы таусылған өскемендік ұстаздар полицейлермен бірге «Балаларды мектепке қайтарайық» атты акция ұйымдастырып, үй-үйді аралады. Сабаққа бармайтын балалардың ата-аналары негізінен ішімдікке салынғандар. Мәселен, Арина Тарасова биыл 1 сыныпқа баруы керек болған. Бірақ 1 қыркүйектен бері мектеп табалдырығын аттамапты. Қызының қайда екенінен маскүнем анасы да бейхабар.

Ернұр Рахимов, Өскемен қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы:

127-ші бап бойынша әкімшілік айыппұл белгіленеді. 60 сағат бойы сабақты босатса, әкімшілік айыппұл 7 АЕК. Жағдай қайталанса, екінші айыппұл 20 АЕК көлемінде болады. Қазір материал жинап жатырмыз. Көршілерінен сұраймыз. Егер негіз болса, ата-ана құқығынан айырамыз.