Басты бетЖаңалықтарЕАЭО елдері бірыңғай электрондық валюта енгізеді

ЕАЭО елдері бірыңғай электрондық валюта енгізеді

Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдері трансшекаралық есеп айырысу үшін бірыңғай электрондық валюта енгізеді. «Известия» басылымының мәліметінше, бастаманың авторы — Ресейдің Ұлттық төлем кеңесі.

Ұйымның басқарма төрағасы Алма Обаеваның айтуынша, жаңа электрондық валютаны мемлекетаралық сауда-саттықтағы өзара есепке алу операцияларында ғана қолдану көзделіп отыр. Мұндай валютаны енгізу санкциялар қаупі жағдайында өзара есеп айырысуды жеңілдету үшін қажет.

Ортақ валютаның бағамы ЕАЭО елдерінің ұлттық валюталарының бір-біріне қатысына байланысты болады.

Бірыңғай төлем жүйесін жасауға қазірдің өзінде Ресейдің бірнеше ірі қаржы-несие ұйымы ниет білдіріп отыр. РФ Қаржы министрінің орынбасары Алексей Моисеев жаңа валюта Еуропада евроға дейін қолданылған ЭКЮ сияқты болады.

Сарапшылардың айтуынша, ортақ электрондық валюта ЕАЭО мүшелерінің кезең-кезеңмен доллардан бас тартуына ықпал етеді. Бірыңғай валюта туралы бастама одақтың Ресей рублінің күшейгенін қаламайтын басқа мүшелеріне де ұнап отыр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ЕАЭО-ға Ресей, Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы мен Қазақстан мүше.

ДереккөзZakon.kz