Конференцияға Ақтаудан барған музыкант — Қазақстандағы қозғалыстың көшбасшысы. 2014 жылы ол өзінің туған қаласы Ақтауда Doma Doma қоғамдық қорын құрады. Уақыт өте келе Самсон мен оның командасының жұмысы шетелдік әріптестерінің қызықтырған. Олар Ресей мен Азиядағы ірі жобаларға қатысуға шақырту алды. Енді Қазақстандағы қозғалыстың көшбасшысы Ригадағы «Көше спорты мен мәдениеті бизнес үшін мүмкіндік» халықаралық конференциясына қатысып отыр.
Ол жастарға спорт және мәдениет қозғалысы тарихында түбегейлі жаңа бет ашатын құжатқа қол қойды. Самсон Аракелян тұрғын үй, аудан маңында жүрген жас спортшылардың Олимпиада ойындарында өз еліне алғашқы алтын әкелетін күннің алыс еместігіне шын жүректен сенеді.
Барлық қазақстандық көше спортшыларын қозғалыстың шетелде ресми түрде мойындалғанымен құттықтаймын. Олар бізбен серіктестік орнатуға дайын. Меморандумға қол қойған соң Еуропадағы ірі турнирлерге қатысуға мүмкіндік аламыз. Бұл спортшыларымыздың рейтингіне және еліміздің имиджіне оң әсер етеді. Латвияның табысты және тиімді үлгісін қабылдайтын болсақ, уақыт өте келе қазақстандық көше спортшылары да Олимпиада ойындарында жүлделі орындарға ие болады, — деді Самсон Аракелян.
Қол қоюға Ұлыбритания, Швеция, Эстония, Латвия, Дания, Польша, Украина, Италиядан келген субмәдениет қозғалысының өкілдері қатысты. Меморандумда субмәдениет қозғалысының жалпы мақсаты мен міндеттері, көше спортын насихаттауға бағытталған нақты қадамдар, халықаралық деңгейдегі турнир, семинарға және спорттық іс-шараларға байланысты әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты жұмысты жалғастыру қажеттігі туралы айтылған.