Басты бет Жаңалықтар Дональд Трамп Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Дональд Трамп Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бұл туралы Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлім болды.

Дональд Трамп. Фото: Тheodysseyonline.com

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллс қазақстандықтарға Тәуелсіздік күніне орай АҚШ Президенті Дональд Трамптың құттықтауын жеткізді.

Мен Қазақстан тарапына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары кезінде көшбасшыларымыздың арасында қол жеткен уағдаластықтарды іске асырудағы жақсы прогресс үшін алғыс айтқым келеді, — деді Элис Уэллс Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте.

Элис Уэллстің айтуынша, отырыс барысында тараптар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне екіжылдық мүшелігін және Қазақстанның Нью-Йоркте жүргізген саясатын талқылады.

Сонымен бірге мен Трамп мырзаның алдағы күндері сіздер тойлайтын Тәуелсіздік күніне арналған құттықтауын жеткізгім келеді. Біз сіздің елге барлық қолдауды көрсетуге әзірміз, — деді АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version