Басты бетЖаңалықтарҮлкенді құрметтеп,...

Үлкенді құрметтеп, ата-ананы сыйлау – дәстүрлі исламның негізі

Көшпенділердің дүниетанымына әсер еткен ислам бағыттарының бірі — сопылық. Алайда көшпенділерді сопылықтың схоластика және мистикалық жақтары қызықтырмады. Оларға адамгершілікті насихаттайтын, ықпалды суфизм қажет болды. Сол кезеңдердегі сопылық бұдан да үлкен нәрсені беретін — бұл адамгершілік тұрғысынан өзіңді-өзін жетілдіру («жүректі тазарту»), Алла Тағалаға жан-тәнімен берілу және үміттену («таввакуль») болатын. Сондықтан көшпенділерержүрек жауынгерлер еді және жазмыштан қашып құтылмайтындарына сенетін. Осы фактілер туралы айтып отырғанда атақты «Жаужүрек Ертұғрыл» сериалындағы бекзат жауынгер-көшпелінің бейнесі еріксіз еске түседі.

Шын мәнінде, ислам — адамның рухани-адамгершілік тәрбиесінің және тұлғаның рухани дамуының бағдарламасы.

Исламның осы өзгермейтін моральдық ережелері: үлкендерді құрметтеу, ата-ананы сыйлау, әлсіз жандарға көмек көрсету және т.б. көшпелілердің далаларында кеңінен таратылып, уақыт өткен сайын ата-бабаларымыздың қанымен ұрпақтан ұрпаққа жетті.

Алайда қазақ халқы өзінің тарихында дамудың бұралаң жолдарынан өтті.Отаршылдық саясаттың және коммунистік зомбылықтың, әсіресе халықтың геноцидін және ұлттық интеллигенцияны қуғындаудың қасіретінкөрсе де, фашистерге қарсы жанын аямай күресіп, нәтижесінде ұлттық кодты жоғалтып ала жаздады. Осылайша қысқа ғана тарихи уақыт ішінде Қазақстан большевиктік интервенция, әліпби мен жазбаша дәстүрден айырыылудан бастап тәуелсіздік пен БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мүшелігіне кіруге дейінгі жолды басып өтті.

Бұл барлық қиын сынақтар халық санасында өз әсерін қалдырды, кейбір ұлттық құндылықтар орыстандыру саясатының және тоталитарлық биліктің ұлттық сананы жоюға ұмтылу әсерінен бұрмаланды. Ақырында біз исламның кейбір адами және этикалық  құндылықтарын жоғалтып ала жаздадық.

Сондай-ақ исламның атынан әрекет ететін,бірақ исламның дәстүрлі, классикалық құндылықтарымен ортақ ешнәрсесі жоқрадикалды діни топтар ислам негіздерін бұрмалап, теріс ықпал етті.

Осындай экстремистік және террористік ұйымдардың белсенді қызметінің арқасында халықтың ислам туралы қате түсінігі қалыптаса бастады. Исламның моральдық-этикалық құндылықтары көрсетілмей, саяси мәселелер алға шығарылып, исламды саясаттандыру процесі белсенді түрде жүргізілді. ИГИЛ және «аль-Каеда» сияқты террористік топтар пайда болды.

Нәтижесінде, қоғам түрлі топтарға бөлініп кетті. Біреулері исламды оны сыни тұрғыдан қабылдамай, оны тек белгілі бір догмалар аясында түсінсе, екіншілері оның шынайы құндылықтарын көрмей, исламға қарсы шықты.Кейбіреулері кеңес дәуірінің сарқыншағындай болған атеистік көзқараста болса, ал енді біреулері мұсылмандарды қаралауға тырысқан ақпарат құралдарының тұтқынында  қалған.Сонымен қатар ислам дінінің дұшпандары да жағдайды ушықтырып, қоғамда исламды теріс жағынан көрсететін мәселелер қозғап отырды.

Құранда былай делінген: «Адамның жаны әділ болса, өмірі де әділ болады, егер жаны абыройсыз болса, адам да, қоғам да абыройсыз күйге түседі». Дегенмен адамның моральдық тәрбиесіне және рухани жетілуіне бағытталған исламды қабылдайтын уақыт әлі келеді деп үміттенеміз, өйткені қасиетті Құран кітабында айтылғандай, «өтірік — өткінші». Исламның моральдық аспектілері мұсылмандардың өмір салты және әлеуметтік қатынастардың негізгі реттеушісі ретінде кеңінен қарастырылуы керек. Белгілі зерттеуші Д.Е. Еремеевтің пікірінше, «исламдық мораль — бұл мұсылманның моральдық нормаларының жиынтығы.»

Сондай-ақ, біз, еуразиялық құрлықтың қақ ортасында орналасқандықтан қазіргі кезде болып жатқан сын-қатерлерді тиісті ауқымда қабылдауымыз және үлгі боларлық тарихи жағдайларды ескере отырып, тұрақтылық пен гуманитарлық тәртіптің генераторы болуымыз қажет, өйткені бұл біз қазір іске асыруға тырысып жатқан басты міндетіміз. Өйткені Құранда былай делінген: «Жақсылық жасағандарды жамандықтан құтқарамыз және оларға жасаған істерінен де жақсысын береміз.»

Ислам дінінде мұсылман жаны таза, ойлары да игі, шынайы болуы тиіс. Хадистерде айтылатындай: «Жүрек істерден, еңбектен, шынайы қарым-қатынастардан рухтанады.»

Исламдағы мораль — бұл адамдар арасындағы қарым-қатынастың нормалары және қоғамға деген қарым-қатынасы. Исламның осы моральдық-адамгершілік нормалары ғасырлар бойы адамзаттың моральдық жетілу мүдделерінде қабылданғаны белгілі. Рухани-адамгершілік ілімнің негізінде жаман, теріс іс-әрекеттерден бас тарту және жақсылық жасау этикасы жатыр.