Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жастар» спорт кешенінде өткен финалдық кездесуде 14 жұп өз салмақ дәрежелері бойынша мықтыларын анықтады.
Шарада Алматы облысы спортшыларының жеткен жетістігі жайлы бейнефильм көрерменге ұсынылды. Одан кейін облыстық спорт басқармасы басшысы Нұрбақыт Теңізбаев пен Қазақстан ММА Федерациясының вице-президенті Асылбек Дүйсенов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Егемен еліміздің көкбайрағын әлемдік арненаларда желбірететін саңлақтарымыздың қатары көп болсын. Қазақ спорты жасасын! — деді Нұрбақыт Теңізбаев.
Ал Асылбек Дүйсенов былтыр Алматы облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте ел чемпионы болғанын тілге тиек етті. Сонымен бірге жетісулық спортшылардың арасынан биыл 1 халықаралық, 6 — республикалық спорт шебері шыққанын айтты.
Мұның барлығы — Алматы облыстық ММА федерациясының президенті, аға жаттықтырушы Нұрлан Аманқұлов әріптесіміздің нәтижесі, — деді Асылбек Дүйсенов.
Осыдан кейін көпшілік күткен сайыс басталып, жарыс алаңына алғаш болып қыздар шықты.
Әйелдер арасында 52 келі салмақта
1-орын — Толқын Дәуренбекова (Алматы облысы);
2-орын — Шынар Жүсіпова (ШҚО).
56 келі салмақта
1-орын — Аян Тұрсын (Алматы облысы);
2-орын — Дарина Абылғазина (ШҚО).
65 келі салмақта
1-орын — Саида Хасенова (Алматы);
2-орын — Дидар Екпін (Алматы облысы).
Ерлер арасында 56 келі салмақта
1-орын — Дастан Жақыпбеков (Алматы облысы);
2-орын — Ербол Нұрбек (Шымкент);
3-орын — Дихан Тоқтар (Түркістан облысы), Дархан Үңілбеков (Ақмола облысы).
61 келі салмақта
1-орын — Жасұлан Мейірманов (Алматы);
2-орын — Абылай Көргенов (Атырау);
3-орын — Ақылбек Рашев (Астана), Жандос Қайыркенов (Алматы облысы).
65 келі салмақта
1-орын — Жандос Нұрмағамбетов (Алматы облысы);
2-орын — Асхат Тілеужан (Солтүстік Қазақстан);
3-орын — Шайырбай Ержан (Алматы облысы) мен Магамед Аманов (Жамбыл).
70 келі салмақта
1-орын — Виталий Радионов (Қарағанды);
2-орын — Досжан Кенжебай (Алматы облысы);
3-орын — Асхат Кеңесбеков, Бекзат Акишев.
77 келі салмақта
1-орын — Жан Кенжебаев (Алматы облысы);
2-орын — Бағлан Телібаев (Астана);
3-орын — Орынбасар Абжалов (Қарағанды), Сәбит Түлендиев (Жамбыл).
83 келі салмақта
1-орын — Александр Вал (Астана);
2-орын — Мәди Досмұхаметов (Алматы облысы);
3-орын Әшімхан Мәулен (Алматы), Тимур Сулаев (Қызылорда).
93 келі салмақта
1-орын — Зелимхан Хумаидов (Қарағанды);
2-орын — Бақтияр Сәрсекеев (Астана);
3-орын — Әмір Әлемсейіт (Алматы).
120 келіде шаршы алаңға шыққан Александр Дя мен Ерасыл Төлепберген жарысты түйіндеді. Екі спортшының арасындағы бәсекеде Александрдың жеңіске жетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Алматы облысының командасы бас жүлдені қанжығаларына байлады. Жарыс жеңімпаздарын облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев марапаттады.
Айта кетейік, төрт күнге созылған бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 150 әуесқой спортшы қатысты. Ерлер мен әйелдер және жасөспірімдер 14 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты. Аталған дүбірлі дода Қазақстанның жаңадан құрылған жекпе-жек өнері қауымдастығы мен республикалық ММА федерациясының және облыстық спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтті.